Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда жол апатынан 1 адам мерт болып, екеуі ауруханаға түсті

16 June 2021 17:00

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жол апатынан 1 адам мерт болды. Ауруханаға түскен екі адамның біреуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 маусымда сағат 20:30 шамасында «Жұлдыз» шағынауданында «Toyota Hiace» пен «Ваз-21113» көлігі соқтығысқан.

«Жол-көлік апатынан «Toyota Hiace» автөкөлігігің 33 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал, 1991 жылы туған жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, «Ваз-21113» автокөлігінің 1999 жылы туған жолушысы аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Екі көліктің жүргізушісі ауруханаға барып, дәрігерге қаралудан бас тартты» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол апатына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысындағы Теңіз кенішінде автобус пен пикап соқтығысқанын хабарлаған едік.


Up