Weather
Astana 13 °С
Almaty 19 °С
Exchange rates
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Атырауда көне ыдыстардың көрмесі ашылды

25 August 2019 09:00

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде көрме ашылды. Онда келушілер қазақ халқының ағаштан жасалып, терімен қапталған көне ыдысын тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз бағзы заманда түрлі мақсаттарға қолданылатын ыдыс түрлерін ұсынуға тырыстық. Олардың арасында бас табақ, ожау, саба, кесеқап сияқты көптеген ыдыстар бар. Қымыз құюға арналған көлемі әртүрлі болып келетін торсық та бар. Бас табақ дегеніміз қонақтың ең сыйлысына берілетін қойдың басын салатын үлкен ыдыс. Екі шұңқыры бар ожау қымызды кеселерге құйып жатқан кездің өзінде оны сапыруға мүмкіндік береді. Ет пен бауырсақтарға арналған ыдыстар мүлдем ерекше»,-дейді музей директоры Рашида Харесова.





Музей жетекшісі ыдыс-аяқтар декоративті-қолданбалы өнер ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының тарихы мен дәстүрлері дейді.





Up