Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда алаяқ қайтыс болған 5 жасар қызды жерлеуге ақша жинамақ болған

22 October 2021 21:01

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда алаяқ қайтыс болған 5 жасар қызды жерлеуге ақша жинамақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырауда 6-қабаттан құлаған 5 жасар қыздың ауруханада көз жұмғанын ж азған болатынбыз.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 21 қазанда Атырау қалалық полиция басқармасына 43 жастағы әйел шағым түсірген.

Арызданушының айтуынша, белгісіз адам әлеуметтік желіде терезеден құлап, қайтыс болған қызының жерлеу рәсіміне қаражат жинаймыз деп жалған ақпарат таратқан.

«Бұл алаяқтардың әрекеті екені анықталды. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен (алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, күдіктіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.





Up