Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында жедел жәрдемді Telegram арқылы шақыруға болады

24 May 2022 21:50

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жедел жәрдемді Telegram мессенджері арқылы шақыруға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім еткендей, жедел жәрдем бригадасын шақыру үшін Telegram-бот іске қосылды. Желі тәулік бойы жұмыс істейді.

«Арнайы желідегі «Жедел жәрдем шақыру» батырмасын басу арқылы пайдаланушы нұсқаулыққа сәйкес науқастың сырқаты немесе жарақаты туралы мәлімет бере алады. Бұған қоса науқастың мекенжайын да көрсетуі қажет. Telegram-бот арқылы берілген өтінім облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының бірыңғай Call-орталығына түседі. Жедел жәрдем стансасының кезекші диспетчері қоңыраудың шұғыл не өзге санатқа жататынын анықтайды. Содан кейін төрт санатқа байланысты әрекет етеді», - делінген ақпаратта.

Telegram-ботта өтінімнің қаралу статусын тексеруге болады. Ол үшін «Жүгіну күйін тексеру» батырмасын басу керек.

Ал «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде ауру белгілері, соған байланысты қолданылатын ем-дом шаралары туралы ақпаратты табуға болады.

Қазір облыстық медициналық жедел жәрдем стансасында арнайы 66 көлік бар. Жедел жәрдем қызметі үшін 2020 жылы 46, былтыр 20 көлік сатып алыған. Жаңа көліктердің 3-еуі аудандарға бөлінген. Атырау қаласындағы жедел жәрдем стансасы 17 көлікпен толыққан.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда келер жылы 112 бірыңғай диспетчерлік қызметі іске қосылатынын хабарлаған едік.


Up