Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында төтенше жағдайлар қызметіне 9 айда 1 467 рет шақырту түскен

23 October 2021 19:07

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында төтенше жағдайлар қызметіне биылғы 9 айда 1 467 рет шақырту түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Жасұлан Ақтаевтың мәліметінше, жыл басынан бері төтеншеліктерге түскен шақырту 9,8 пайызға артқан.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне былтырғы 9 айда 1 336 шақырту түскен еді. Ал, биылғы осы кезеңде жедел құтқару жасағының қызметкерлері 1 467 рет авариялық-құтқару мен шұғыл шақыртуға барды. Оқиға орнынан қиын жағдайға тап болған 98 адам құтқарылып, 159 адам эвакуацияланды. Шақырту орнына жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін 16 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді» -дейді Жасұлан Ақтаев.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және өзге де заңдылықты бұзған 93 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жүк көлігінің жанармай багы жанып кеткенін хабарлаған болатынбыз.


Up