Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында былтыр ауыр салмақты көлік иелері 52 млн теңге айыппұл төледі

27 January 2022 23:14

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында былтыр ауыр салмақты көлік иелері 52 млн теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАвтоЖол» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Аслан Дүйсеновтің мәліметіне сүйенсек, «Жолда қабылдау» рейдтік іс-шарасы өтіп жатыр.

«Мақсат – жол қауіпсіздігі мен қолайсыз ауа-райында жол-көлік апатының алдын алу. Рейд кезінде республикалық маңызы бар автокөлік жолдары қамтылды. Жол бойында автотаразы арқылы ауыр салмақты автокөліктерге тиелген жүктің салмағы өлшенді. Былтыр осындай іс-шара кезінде көлік иелерінің тарапынан 2 354 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ауыр салмақты 357 автокөлік иелері жол ережесін бұзды. Жолда жүру талаптарын орындамаған ауыр салмақты автокөліктердің иелері облыстық бюджетке 52 млн теңге көлемінде айыппұл төледі», -дейді Аслан Дүйсенов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 1,5 сағатта үш жол-көлік апатынан бір адам мерт болып, екеуі ауруханаға түскенін жазған едік.


Up