Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында әкімдіктер Аshyq жобасына қосылды

26 July 2021 22:38

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының әкімдіктері «Ashyq» жобасына қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұдан облыстық әкімдігіне қызметкерлер мен келушілер «Аshyq» бағдарламасын қолданып, короновирусқа қатысты мәртебесін көрсету арқылы кіре алады.

«Бұл талап Атырау қалалық, аудандық және ауылдық округ әкімдіктерінде де жүзеге асырылады. Мұндағы мақсат – адамдардың саулығын сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету», -деп мәлім етті әкімдіктен.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, «қызыл» аймақтағы өңірде коронавирус инфекциясы өршіп, облыстағы эпидемиологиялық ахуал күрделенген.

«Атырау облысында сәуір айынан бері «Ashyq» бағдарламасына кәсіпкерлер тарапынан 812 өтініш түскен. Оның ішінде 781 нысанға QR-код берілген. Келушілерді тіркемегені үшін 13 нысан бағдарламадан екі аптаға шығарылды. Ал, 577 кәсіпкерлік нысаны тесттік режимнен өткен» -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда коронавирус жұқтырғандар резервтегі жатақханаға орналастырылып жатқанын хабарлаған едік.











Up