Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау ауруханаларындағы «қызыл» аймақта 375 медқызметкер жұмыс істейді

23 July 2021 22:20

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау ауруханаларындағы «қызыл» аймақта 375 медқызметкер жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, дәл қазір өңірде 6 575 медицина қызметкері бар. Оның ішінде дәрігерлер саны – 1 479, ал, орта және кіші медицина қызметкерлерінің құрамы – 5 096 адам.

«Атырау облысында тұрақсыз эпидемиялық ахуал қалыптасты. Соған байланысты күн сайын ауруханалардағы инфекциялық стационарлардың «қызыл» аймағында 375 медицина қызметкері жұмыс істейді. Өңірде коронавирус жұқтыру дерегі көбейіп, эпидемиялық ахуал қиындаған жағдайда «қызыл» аймақта жұмыс істеу үшін резервке 275 медқызметкер алынды» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған еді.


Up