Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Астаналық полицейлер қатты музыка және түнгі шумен қалай күресіп жатыр

26 May 2022 16:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаз мезгілі келісімен қала жұртшылығы күндіз және кешқұрым үйдің терезесін ашып қоятыны белгілі. Осындай кезде даладағы қатты қойылған музыка мен көшедегі шулаған адамдар мазаны алып жатады. Осы орайда астаналықтардың тыныштығын қорғау шараларына қатысты ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне жүгінген еді.

Қалалық полиция департаменті бұл проблемадан хабардар. Сол себепті күнделікті алдын алу шараларын өткізеді.

«Патрульдік полицейлер бекітілген бағытпен күнделікті кешке және түнде аулаларды жаяу және көлікпен аралайды. Сонымен қатар профилактикалық іс-шаралар кезеңінде учаскелік полиция инспекторлары аулаларды түнгі уақытта шолып шығады», - деген жауап берілді сауалға.

Онымен қоса, Есіл ауданының полиция басқармасында өткен брифингі алдында қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Нұралы Тәңірбергенов аулаларды аралау ережесін түсіндіріп берді.

«Күн сайын учаскелік бекетте кезекші және автопатрульдік полицей жұмыс істейді. Олар күндізгі шақыртуларға жауап береді. Шақырту алған сәтте және шақырту жоқ кезде де полиция инспекторлары аула аралап, патруль жасайды», - дейді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта патрульдік аралау негізінен криминогендік жағдай жиі болатын аудандарда жүреді.

«Тұрғындардың 99 пайызын басқа өңірден келгендер, яғни пәтер жалдаушылар құрайтын тұрғын үй кешендері бар. Ондай тұрғын үй кешендерінде үнемі ұрыс-керіс, айқай-шу болып жатады», - дейді ол.


Up