Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Астанада «Жастар практикасына» 1 мыңға жуық адамды жіберу жоспарлануда

29 January 2022 10:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша 1 мыңға жуық адамды жіберу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жастар практикасы» бағдарламасы соңғы үш жыл ішінде оқуды аяқтаған және 29 жастан аспаған ЖОО мен колледж түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.

2021 жылы «Жастар практикасымен» оқу орындарының 914 түлегі қамтылды, оның ішінде ЖОО түлектері – 750, колледж түлектері – 164.

Биыл 29 жасқа дейінгі 998 жасты аталмыш практикаға жіберу жоспарланып отыр.

«Жастар практикасына» қатысу мәселелері бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» бизнес орталығы мекенжайы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады. Сондай-ақ ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы алуға да болады: +7 (7172) 72-93-56, +7-777-707-01-99.

Электрондық пошта: nazym_13.6.92@mail.ru.

Байланыс орталығының нөмірлері: 8(7172) 57-88-88; 8(7172) 57- 86-95.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты 19-31 қаңтар аралығында қызметкерлер үшін толық емес жұмыс уақыты режимі белгіленді: Жұмыспен қамту орталығы сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейті. Түскі үзіліс – сағат 13.00-14.00 аралығында.


Up