Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Astana Mining&Metallurgy 11-ші тау-кен металлургия конгресі өтеді

19 October 2021 09:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20-21 қазанда Astana Mining & Metallurgy 11-ші тау-кен металлургия конгресі өтеді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Astana Mining & Metallurgy конгресі-тау-кен металлургия индустриясындағы ең ауқымды салалық іс-шаралардың бірі. Шараның мемлекеттік серіктесі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

АММ тараптардың пікір алмасуы үшін көптеген алаңдарды ашады. Аталмыш шара аясында жер қойнауын пайдаланушы ірі компаниялар және Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдерімен B2B және G2B кездесулер өтіп, көрме, Алтын Гефест салалық конкурсының марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.

Жыл сайын АММ көрмесі аясында экспоненттер тау-кен металлургия саласындағы компаниялар үшін озық технологиялар мен инновациялық әзірлемелерді ұсынады.


Up