Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Пандемия кезінде Қазақстандағы қай салаға инвесторлар қызығушылық танытты

7 December 2021 17:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шетелдік инвесторлар Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына жоғары қызығушылық танытып отыр. Бүгін елордада Жаһандық инвестициялар бойынша жыл сайынғы «дөңгелек үстел» отырысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына инвесторлар тарапынан жоғары қызығушылық бар екенін көріп отырмыз. Сондықтан біздің портфельде ауыл шаруашылығы жобалар баршылық. Бұл заңды құбылыс, себебі Қазақстан әлемде ауыл шаруашылығы әлеуеті ең жоғары елдердің қатарында», - деді Мейіржан Юсупов.

Оның айтуынша, коронавирусқа қатысты жағдай салдарынан осы салаға ерекше қызығушылық байқалып отыр.

«Атап айтқанда, азық-түлік қауіпсіздігіне орай осы салаға инфевсторлар елеулі мән беріп бере бастады», - деді деді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мейіржан Юсупов Қазақстанда қай салаларға инвестиция салуға болатынын айтты.

Сонымен қатар, инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Тәуелсіздік жылдарында елімізге 376 млрд доллар шетел инвестициясы тартылғанын атап өтті.


Up