Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылорда облысында «Pfizer» вакцинасының 11 700 дозасы жеткізілді

6 December 2021 23:43

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Pfizer» вакцинасының 11 700 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазірге дейін аталған екпенің 80 пайызы жасөспірімдерге егілсе, 20 пайызын жүкті әйелдер қабылдаған.

«Профилактикалық егу жұмыстарын жүргізу алдында медицина қызметкері екпе салдыратын адамды толық тексерістен өткізеді. Вакцина салдыратын азаматқа немесе оның заңды өкіліне профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар және екпе салдырғаннан кейінгі күтім туралы толық ақпарат беріледі. Әзірге тұрғындардан вакцина алғаннан кейінгі жанама әсерлері туралы шағым келген жоқ», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мая Мирзанова.

Айта кетейік, «Pfizer» вакцинасын 12 жастан асқан жасөспірімдер, жүктіліктің 16 және 37 аптасы аралығындағы жүкті, лактация кезеңіндегі әйелдер яғни босанғаннан кейін 42 күннен 2 жасқа дейінгі кезеңдегі әйелдер салдыра алады.

Up