Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда адамды автокөлік төбесіне отырғызып тасыған жүргізуші жазаланды

5 December 2021 11:18

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы автокөліктің төбесіне адам отырғызып алып тасыған «Mercedes-Benz Gelenvagen» маркалы автомобильдің жүргізушісіне айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

« 2021 жылдың 30 қарашасында әлеуметтік желілерде ұялы телефонның камерасына түсірілген, заңға қарсы әрекеттер туралы жазба жарияланды. Тиісті тексерулер жүргіздік. «Mercedes-Benz» маркалы көлік құралының жүргізушісі анықталды. Ол – 1987 жылы туған Есполов Н.А.есімді азамат. ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-тармағы бойынша (Жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау) жауапқа тартылды», - деп жазды Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Facebook парақшасында.

Бейнежазбаның екінші қатысушысына қатысты тексеру жалғасуда.

«Жолда абай болыңыздар», - деді ПД бастығының орынбасары.


Up