Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағында дрон ұшыруға тыйым салынды

4 December 2021 17:48

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның айналасында дрон аппараты арқылы фото, видеоны рұқсатсыз түсіруге тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы еліміздегі әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы № 706 бұйрығына сәйкес «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағында дрон аппаратын рұқсатсыз ұшыруға болмайды.

«Бұл шешім халық көп шоғырланатын аймақтың қауіпсіздігі және тарихи ескерткіштерді қорғау мақсатында жүзеге асып отыр», - дейді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз хатшысы Мадина Жұмабайқызы.

Пилотсыз ұшу аппаратын күзетілетін объектілердің үстінен ұшыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Мемлекеттік күзет қызметімен кемінде 5 жұмыс күні бұрын мақұлдануы тиіс.


Up