Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

14 жасар Зара Дәркен Еуропада үздік шетелдік ойыншы атанды

3 December 2021 19:00

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстандық Зара Дәркен 14 жасқа дейінгілер арасында Еуропа теннис қауымдастығының 2021 жылдағы үздік шетелдік ойыншысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Ақтөбе облысының түлегі Зара Дәркен биылғы маусымда үздік 20 ойыншының қатарына кірді.

Турнирлерде жекелей және жұптық сында бір реттен жеңімпаз атанды. Үш дүркін финалға дейін жетті.

«Жылдың үздік ойыншысы атанғаныма қуаныштымын. Бұл – мен үшін жоғары баға. Жыл бойы жарыстарда бар күшімді салдым. Маған үлкен қолдау көрсеткені үшін бапкерлерім мен Қазақстан теннис федерациясына алғысымды айтамын. Келесі жылы да биіктен көрінуге тырысамын», - дейді Зара Дәркен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның Дэвис кубогының жартылай финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.


Author Елжан Ералы
Keywords: Спорт,
Up