Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда 5G желісі пилоттық режимде іске қосылып жатыр

2 December 2021 17:24

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 3 оператор пилоттық режимде 5G желісін қосты. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, 5G желісін елімізде қызмет көрсететін 3 оператор адамдар көп жиналатын жерге орнатты.

«Қазір Көктөбе, Шымбұлақ, Медеу, Каусар-Плаза және Смарт-Пойнт нүктесінде пилоттық режимде 5G желі іске қосылды. Технологияның өте жылдам дамуына байланысты біз осы 5G желісіне басымдық беріп отырмыз. Өйткені ол аз уақыттың ішінде анағұрлым көп мағлұматты бере алады. Сонымен қатар, бұл желі кешкі уақытта телефоннан сериал көруге, жақындарымызбен видео арқылы сөйлесуге мүмкіндік береді»,- деді Баян Қоңырбаев.

Сонымен қатар, ол 5G желісін қосуда қалаға ешқандай шығын келмейтінін атап өтті. Оны операторлар өздері орнатып жатыр.


Up