Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркістанда 4 жанұяға баспана кілті табысталды

30 November 2021 22:14

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда ҚМДБ жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 4 жанұяға баспана кілті берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шапағатшым бір өзіңсің Мұхаммет» тақырыбында Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеште облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұлов құттықтау сөз сөйлеп, жиналған қауымды «Тұңғыш Президент күнімен» және Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ, театрландырылған қойылым көрсетіліп, салауат айтылды.




«Мәуліт мерекесі құтты болсын ардақты әлеумет! Бүгінде күллі адамзат баласы Пайғамбарымыздай тұлғаға аса мұқтаж. Оның мейірімділігі мен сүйіспеншілігіне зәру. Біздер екі дүние сардары Мұхамметтің (с.а.с) қиямет күнінде шапағатшы болуын тілеуіміз керек. Алла Тағала елімізге тыныштық, отбасыларыңызға амандық берсін»,- деді Еркебұлан Ыбрайымұлы.

Діни жиында теолог, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Арман Қуанышбаев сақабалардың ғибратты ғұмыры туралы кеңінен тоқталды. Өз кезегінде қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Марат Омаров пен Сәкен Майғазиев әннен шашу шашып, сахна көркін қыздырды.














Up