Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шымкентте екі қылмыстық топ мемлекетке 3 млрд теңге шығын келтірген

25 November 2021 12:02

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте мемлекетке 3 млрд теңге шығын келтірген екі қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысатын екі қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған.

«8 адамнан тұратын қылмыстық топтардың бірі 2018-2020 жылдар аралығында контрагент кәсіпорындарға материалдық сыйақы үшін жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берумен айналысқан. Қылмыстық схеманың негізгі ұйымдастырушысының үйінде құжаттары мен мөрлері табылған 16 шаруашылық жүргізуші субъектіге осы ҰҚТ-ның қатысы бар екендігі анықталды.

Екінші қылмыстық топ бір күндік 21 компанияның атынан тауарлар мен қызметтерді жеткізуге ұқсас жалған мәмілелер жасасқан. Бұл ретте, шарттар бойынша жұмыс көлемі іс жүзінде орындалмаған.

Салдарынан мемлекетке 3,1 млрд теңге сомасына салық төленген жоқ», - делінген агенттік мәліметінде.

Қазіргі уақытта қылмыстық істер сотта қаралуда.


Up