Weather
Astana 1 °С
Almaty 11 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы полициясы түнгі жарыс ұйымдастырылатын жерлерге камера орнатпақ

5 August 2020 13:17

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда түнгі жарыс ұйымдастыратын жерлерге арнайы камера орнатылады. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалада мақсатты түрде жергілікті рейд жұмыстары жалғасып жатыр.

Соңғы үш күнде арнайы батальон қызметкерлері жол ережесін бұзған 115 мотоцикл жүргізушісін әкімшілік жауапқа тартты. 19 мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды.

«Одан бөлек көлікті заңсыз жабдықтауға байланысты, даусын зорайтатын құрал қойған жүргізушілерге қатысты шара қолданылады. Олар жиналатын жерлерге видеокамера орнатылады», - деді Қанат Таймерденов.

Айта кету керек, бұған дейін Алматыда екі блогер көлік жарыстырғаны үшін жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.

Олардың біреуі ұсталып, түсінік берсе, екіншісі әлі қашып жүр.


Up