Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Антикордың жалған қызметкері Каспий жағалауынан жер телімін талап еткен

21 May 2022 17:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін Антикор өкілі ретінде таныстырып, Ақтау қаласы әкімдігінен жер учаскесін беруді талап еткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Агенттікке сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 19 мамырында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін Антикор қызметкері ретінде таныстыра отырып, Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру үшін оның атына жер учаскесін ресімдеуді талап еткен 1997 жылғы Нұрбол Каримовты әшкереледі. Каримовтың заңсыз әрекеттері дер кезінде тоқтатылды», - делінген Агенттік хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Агенттік Каримовтың бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін екендігін айтады.

Бұған дейін Қызылордада антикорда істеймін деп, жалған куәлікпен жүрген тұрғын ұсталды.


Up