Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Анкарада «Қазақстан-Түркия Достық велотрэгі» өтті

21 July 2021 22:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Анкарада Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің және Түркия Республикасының Велосипед спорты федерациясының бірлесе ұйымдастыруымен велотур өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл велотур – Түркия велосипед спортшылары мен басқа мемлекет өкілдерінің бірлесе ұйымдастырып отырған алғашқы іс-шарасы.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды. Велотур Анкара қаласының Үміткөй ауданынан бастау алып, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесі – «Аныткабир» тарихи-мәдени кешеніне дейін жалғасты. Тур соңында спортшылар Ататүрікке тағызым етіп, Аныткабирді зиярат етіп шықты. Өз кегінде, бұл велотурдың Ататүрік мавзолейіне дейінгі бағытта ұйымдастырылған алғашқы тур екендігін атап өткен жөн.

Түрік елінің бас қаласында өткен велотурға 50-ден астам адам қатысты. Велотурға Елші Абзал Сапарбекұлы бастаған дипломаттар тобы, кәсіпқой спортшылар, студенттер мен әуесқой велоспортшылар және түріктің ұлттық спортшысы Ахмет Қаһармен Ақюрек пен қазақстандық спортшы Дамир Кушеев қатысты. Ісшараға қатысушылардың қауіпсіздігі Түркияның Полиция Бас басқармасы тарапынан қамтамасыз етілді.




Еске сала кететін болсақ, Қазақ-түрік бауырластығы мен достығын бейнелейтін жоба аясында қазақстандық әуесқой велоспортшы Дамир Кушеев 25 маусымда Түркияны велосипедпен аралап өту мақсатында Ыстамбұлдан аттанған болатын.

Қазақстан азаматы бір ай бойы Ыстамбұл-Анталья-Анкара бағытында Түркияның қалаларын велосипедпен аралап келеді. Алдымен спортшы Ыстамбұл-Билежик бағытына бет алды. Сосын Кутахия, Афионкарахисар, Бурдур, Анталия, Каш, Фетхиені өтіп, Полатлыға табан тіреді. Сапары барысында темір тұлпар мінген жиһанкезді Қазақстан Елшілігінің қолдауымен жергілікті әкімшіліктер салтанатты рәсіммен қарсы алып, қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Спортшының айтуынша, Түркияның шартарабындағы тұрғындар қазақстандықты жылы қонақжайлылықпен қарсы алған. Туыстас елдегі велосапар ел астанасындағы велотурмен өз мәресіне жетті.

Дамир Кушеев бұл велосапарын Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылыдығына арнаған. Спортшы Түркияның еліміздің тәуелсіздігін мойындаған алғашқы ел болуына байланысты кезекті велосапарын Түркия аймағында өткізуге бел буғандығын айтады.

Тағы қоса кететін жайт, Түркия аумағындағы Дамир Кушеевтің велотуры еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 күн бойы жалғасты.























Up