Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алын Орданың 750 жылдығы: Атырауда халықаралық конференция ашылды

27 October 2021 21:56

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды. Үш күнге созылатын шараның шымылдығы Атырау облысының Махамбет атындағы қазақ академиялық драма театрында өткен «Айбыны асқан Алтын Орда» атты театрландырылған қойылыммен ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Театрдың режисері Жанат Телтаев пен оның көркемдік жетекші Темірбек Мұхтаров дайындаған қойылым Lad-экран арқылы көрсетілген деректі фильммен сүйемелденіп отырды.

Этнофольклорлық ансамбль ұсынған тарихи қойылым Шыңғыс хан мен Жәнібек ханға дейінгі аралықтағы маңызды тарихи оқиғаларды арқау еткен.

Конференцияға жиналған қонақтарды Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова ауқымды шараның ашылуымен құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі.





«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы Жарлығымен тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жалпыұлттық жоспардың шеңберінде қазан айының соңғы күндері «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты үлкен халықаралық конференция жұмысын бастады. Үш күнге созылатын конференцияның басты мақсаты – Алтын Орданың ежелгі әрі көрнекті қалаларының бірі Сарайшықтың тарихи тағлымын көтеру, елге паш ету, әрі қарай тарихымызды танып, кейінгі ұрпаққа мұра қылып қалдыру», - деген әкәімнің орынбасары Сарайық өркениетінің ізін қалпына келтіру жұмыстары қалай жүріп жатқаны туралы мәлімет берді.

«Сарайшықтын орнында қазір үлкен жұмыстар жүріп жатыр. Сапар орталығы мен күмбезді мешіттер салынуда. Үш күндік конференциямызға АҚШ, Жапония, Ресей сияқты алыс-жақын елдерден ғалымдар ееліп, үлес қосуда.

Алтын Орданың ең көрнекті қалаларының бірі – Сарайшық. Атырау облысы Махамбет ауданының жанында орналасқан Сарайшық ауылынан сегізінші ғасырдың көптеген жәдігерлері табылған. Осы жаңалықтардың бәрі конференция қонақтарыныңң назарына ұсынылады», - деді Бақытгүл Хаменова.




































Up