Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматылық алаяқ жоқ люстраларды сатып, 25 млн теңге тапқан

16 June 2021 22:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматылық алаяқ жоқ шамдарды сатып 25 млн теңге тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам Польша шамдарын сататынын айтып, жарнама жасаған.

Тұтынушылардан алдын ала ақша алып, өзінің қызметі үшін де ақы сұраған.

«Жергілікті тұрғын полицияға люстраны да, ақшаны да ала алмайтынын түсінген кезде жүгінген. Көтерме сатушы алаяққа 25 миллион 740 мың теңге төлеген. Күдікті 64 жастағы П. есімді ер адам өзінің жасаған ісін мойындады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлімі бойынша тергелуде. Тергеушілер күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Күдіктіні таныған немесе оның әрекетінен зардап шеккендердің барлығын мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-747-369-32-32; 298-53-00 және 298-53-05. Біз тағы да азаматтарды кез келген тауарға немесе қызметке уәде беретін бейтаныс адамдарға сенбеуге, белгісіз абоненттерге ақша аудармауға, қызмет ақысын тексерусіз төлемеуге шақырамыз», – деді спикер.

Up