Weather
Astana -22 °С
Almaty -10 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жолға жүгіріп шығып, көлік астына түскен баланың жағдайы белгілі болды

26 October 2020 21:08

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы дәрігерлері жолға жүгіріп шығып көлік астына түсіп қалған баланың денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, бала көлік қаққан кезде есінен танып қалған.

«2015 жылы туған бала жол апатынан ұшырап 24 қазанда ауруханаға жеткізілді. Соққы болған кезде бала есінен танып қалған. Соны ескере отырып баланы анестезия, жан сақтау бөліміне жатқыздық. Қазір жағдайы қанағаттанарлық. Бөлімшеге ауысты»,- деді басқармадан.

Айта кетейік, жол апаты сенбі күні Түрксіб ауданында болған. Жол шетінде тұрған бала анасынан сытылып шығып, қара жолға жүгіріп кеткенде оны көлік қағып кетті.


Up