Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жасөспірім қыз 12-қабаттан секіріп көз жұмды

2 December 2021 20:41

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыздың 12-қабаттан секіргені жайлы видео мен фото әлеуметтік желіде тарады.

Осыған байланысты Алматы қалалық полиция департаменті мәлімет берді. Оған сенсек, қайғылы оқиға кешкі сағат 16:00 шамасында Алмалы ауданында болған.

«Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр»,- деп хабарлады полициядан.

Бұған дейін Алматыда 28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен болатын.

Әйел мен екі баласы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Кейін әйелдің өлім алдындағы қоштасу хаты табылды.


Up