Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жаңа отбасылық демалыс орны пайда болады

19 September 2021 14:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Наурызбай ауданында отбасылық жаңа Alem Рark демалыс орны салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жобамен танысты. Наурызбай ауданы әкімдігінің жанындағы 4,56 га аумақта ескі саябақтың орнына жаңа саябақ салынады.

Мұнда тек ауданның ғана емес, бүкіл қала тұрғындары отбасымен және достарымен уақыт өткізуге, жаңа аттракциондарға мінуге, аллеяларда серуендеуге және таза ауада тамақтануға келетін болады.




Саябақта 44 аттракцион мен 4 фудкорт салынады.

Балалар батутта секіре алады, виртуалды шындық әлеміне енеді, үшінші қиындық деңгейіндегі арқан жолынан өтеді, лабиринттен шығудың жолын табады, өзінің Lego үйін салады және, әрине, туған күнін тойлай алады.

Саябақтың бірегей тұжырымдамасының нәтижесінде оның барлық қонақтары жасына қарамастан көңіл көтере алады.

Аlem Park – жай ғана саябақ емес, түрлі-түсті алаңдар, сәулеттік құрылымдары, арқан саябағы, альпинистік қабырға, жайлы кафелер мен басқа да көптеген ойын-сауығы бар тұтас қала.







Саябақтың негізгі идеясы – көркем табиғат ландшафтын заманауи ойын-сауық технологияларымен үйлестіру, мұнда балалар мен ересектер үшін демалыс пен ойын-сауық біріктіріледі.

Әртүрлі мастер-класстар, отбасылық жарыстар, балалар кештері, аниматорлардың қатысуымен ашық ауада ойындар өтеді.

Осы жобаны жүзеге асырудың арқасында Алматыда жаңа үлкен демалыс және ойын-сауық саябағы пайда болады, ол тұрғындардың жиналатын орнына айналады, алматылықтардың жайлы өмірі мен демалысын қамтамасыз етеді.

Айта кетерлігі, саябаққа 500-ге жуық ағаш отырғызылады.

















Up