Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда тау бөктеріне 16 см қар түсті

22 October 2021 15:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жауған жауынның арты қарға ұласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше түнгі 22.00-де басталған жауын-шашынның арты қарға ұласты. Таулы және тау бөктерлеріндегі аймақтарға 16 см, ал қалаға 10 см қар түсті.

Қар жауа бастаған сәттен көктайғақтың алдын алу үшін тау бөктері мен таулы аудандарда мұз ерітетін ұнтақ себілді, жауған қар сыпырылды.

Қалада сілбі қардан құлаған бұтақтарды жинау жұмысы жүріп жатыр.

Тазарту жұмысына 537 техника, оның ішінде 117 құмлақтырғыш пен 1073 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмысын бақылайтын кезекшілік тәулік бойына ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша 23 қазанға қараған түннің бірінші жартысына дейін жауын-шашын сақталады.

Бүгін күндіз ауа температурасы: + 2 +4 градус, түнде -1, -3.

Ертең күндіз +8 +10 градус жылы болады


Up