Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда «Safari Mebel» компаниясы қала тұрғындарын 15 млн теңгеге алдап кеткен

26 January 2022 20:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы полициясы «Safari Mebel» компаниясының құрбандарын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ҚРҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағына сәйкес (Алаяқтық) қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Қылмыстық іс материалдарынан анықталғандай, «Safari Mebel» компаниясының директоры И. есімді азамат әлеуметтік желіде өз қызметі туралы хабарландырулар орналастыру арқылы тұтынушыларды қызықтырған. Сенім білдірген азаматтар жарнаманы көріп, қызметтің ашықтығына күмән келтірмей, олармен хабарласқан. Күдіктілер әлеуетті тұтынушылардың сеніміне кіріп, тапсырыс бойынша өлшемдер жүргізіп, алдын ала төлем алған. Тіпті, жиһаз жасау мен орнатуға келісімшарттар жасаған. Нәтижесінде, алданған азаматтар орындаушылардан жиһаздарын ала алмады. Алдын ала төлеген ақшаны да қайтармаған», – дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Қазіргі таңда осындай арызбен полицияға 30 азамат жүгінді. Бүгінгі күні материалдық шығын 15 млн теңгеден асады.

«Осы адамдардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар 8-707-834-83-33 Әділ Салаев, 8-777-250-68-37 Ерғали Ибраимов және 8-701-624-28-24 Қайрат Қасымбаев телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз», – дейді Рүстем Әбдірахманов.


Up