Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда рұқсат етілмеген екі қоқыс үйіндісі анықталды

4 December 2021 07:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда рұқсат етілмеген екі қоқыс үйіндісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық тұрғын үй саясаты, қалалық жасыл экономика басқармасы мен Алатау ауданының табиғат қорғау полициясының қызметкерлері Алатау ауданында орналасқан «Шапағат», «Шаңырақ-2» шағын аудандарында екі апатты қоқыс орнын анықтады.

«Шапағат» шағын ауданында жер учаскесінің иесіне 20 АЕК көлемінде әкімшілік хаттама толтырылып, меншік иесіне 10 жұмыс күні ішінде қоқысты шығарып тастау туралы кепілдік хат берілді.

«Екінші мекенжай бойынша «Шаңырақ-2» шағын ауданындағы учаске иесін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр»,-деп хабарлады Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасынан.

Up