Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда кітап жәрменкесі өтіп жатыр

28 May 2022 19:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Алматы кітап жәрмеңкесі» атты шара Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кітап жәрмеңкесінің ашылуына Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, қала басшысы Ерболат Досаев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және басқа да әдебиет пен мәдениеттің көрнекті өкілдері қатысты.

Кітап жәрмеңкесіне 50-ден астам отандық баспалар мен кітап дүкендері, сондай-ақ Қырғызстан мен Ресейден келген делегациялар қатысып жатыр. Көрме-жәрмеңкенің қонақтары кітап нарығының жаңалықтарымен танысуға, авторлармен кездесуге және қолтаңба сессиялары аясында қол қойылған туындылардың даналарын алуға мүмкіндік алды.

Іс-шара аясында мерекелік концерт, жазушылар мен ақындардың түрлі шығармашылық нөмірлері жоспарланған. Мегаполис қонақтары мен тұрғындары зияткерлік викториналарға қатыса алады, жеңімпаздарға кітаптар беріледі.





Жәрмеңкеде Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының «Сирек кітаптар мен қолжазбалар мұражайы» экспонаттары ұсынылды. Барлық қатысушылар XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында жарық көрген Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің бірегей кітаптарымен таныса алады.





Жәрмеңке аясында баспа ісін, кітап сатуды, заманауи балалар әдебиетін дамыту бойынша дөңгелек үстелдер өтеді, онда мамандар осы мәселелерді егжей-тегжейлі талқылайды.

Айта кетейік, жәрменке 28-30 мамыр аралығында өтеді.





Ауқымды мәдени іс-шараның ұйымдастырушылары Алматы әкімдігі, Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы.


Up