Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары

16 May 2022 21:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова мегополисте ең көп сұранысқа ие мамандықтар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәжірибе көрсеткендей, қазіргі уақытта біздің еңбек нарығында сұранысқа ие бес сала бар: медицина, фармацевтика, білім беру, тәрбие, өндіріс. Қазір талапкерге мамандықты қалай дұрыс таңдау керектігі жөнінде кеңес беру өте қиын, өйткені еңбек нарығындағы сұраныс тез өзгеріп жатыр», - деді ол брифинг барысында.

Оның айтуынша, әсіресе IT-технология саласына сұраныс жоғары.

«Бізде медицина мен білім саласында бос орындар жиі болады. Сондықтан мен біздің талапкерлерге осы мамандықтардың бірін таңдауға кеңес берер едім», - деді спикер.

Диляра Иманқұлова қазір қашықтан жұмыс істейтіндердің саны артқанын айтты. Елімізде жыл сайын болашақ мамандықтардың атласы жасалады.

Айта кетейік, бүгінгі күні 13 460 алматылық жұмыссыз ретінде тіркелген.


Up