Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда бұрынғы тергеу изоляторларының ғимаратында Креативті индустриялар паркі ашылады

25 June 2021 14:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласының аудандарында креативті хабтар құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыны «смарт-сити» ретінде дамыта отырып, креативтік индустриялардың дамыған секторын құру бағытында қатар жұмыс істейміз. Қазірдің өзінде Алматыда креативті индустрияларда 50 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бізде креативті экономикамен айналысатын 4,3 мыңнан астам кәсіпкер мен 3,6 мың компания тіркелген. Еліміздің креативті бизнесінің жартысынан астамы (53%) Алматыға тиесілі», - деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Шаһар басшысы келешекте бұл сандардың еселеп артатынына сенім білдірді.

«Күн сайын 700-ге жуық адам жұмыс істейтін «Алатау» креативті хабы жұмыс істейді. Биыл Медеу ауданында да хаб ашамыз. Жылдың соңына дейін бұрынғы трамвай паркі базасында Depo Evolution Park салынады. Сондай-ақ бұрынғы тергеу изоляторларының ғимараттар кешені базасында Креативті индустриялар паркі ашылады. Креативті секторда жұмыс істейтін бизнес үшін «Almaty Finance» және «Алматы Микро қаржы ұйымы» желілері бойынша қаржылық қолдау көрсетіледі. Біздің бұл тәжірибеміз Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүкіл елге кеңінен тарайтын болады», - деді әкім.


Up