Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда бүлік кезінде жеке үйлерге шабуыл жасаған қарулы топ ұсталды

19 January 2022 22:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жеке үйлерге қарулы шабуыл жасаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ұсталғандар 29 бен 36 жас аралығындағы 4 ер адам. Белгілі болғандай, олар Алматы облысының тұрғыны. Екеуі – бұрын тонау және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған.

«Қаңтардың 5-нен 6-на қараған түні жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлікшілер жеке күзет ұйымдарының қызметкерлеріне бірнеше рет шабуыл жасап, олардың қызметтік қаруларын тартып алған. Одан кейін жеке үйлерге басып кіріп, үй иелерін автоматпен және басқа да атыс қаруымен қорқытып, жеке мүлкі мен екі автокөлікті иемденген. Бұл қылмыстарды ашуға қаланың криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері көмектесті», – дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Күдіктілер қамауға алынды.

Полиция өкілінің айтуынша, заттай айғақтар, оның ішінде күзетшілерден тартып алынған қарулар тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 192-бабы және 291-бабы бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

Қазір ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.


Up