Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда биыл 2 мыңнан астам күрделі операция жасалды – онколог

22 October 2021 14:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл рактан емделген науқастардың саны 13 256, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш мыңға көп. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы онкологиялық орталығының директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл емделген пациенттердің саны 13 256 адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш мыңға көп. 2 мыңнан астам күрделі операция жасалды. Скрининг және онкологиялық науқастарды ерте диагностикалау, сондай-ақ емдеумен 100 пайыз қамтудың арқасында қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткіші 10,6%-ға төмендеді», - дейді ол.

Спикердің сөзінше, қазір жүргізіліп жатқан скринингтер өте маңызды рөл атқарады. Мысалы, тексерудің арқасында 148 обыр жағдайы және 9 304 обыр ерте кезеңде анықталған.

«Бұл жерде қатерлі ісік ауруының 90%-ы сырқаттың 1-2 сатысында скрининг арқылы анықталған. Әрине, мұндай жағдайларда емдеу тиімдірек және толық емдеуге қол жеткізуге болады. Сондықтан скринингтен өту маңызды. Ол диагностикалауға мүмкіндік береді ісік ерте сатысында болуы емделеді. Кейінгі кезеңдерде емдеу күрделене түседі және болжам нашарлайды», - дейді Нұрсұлтан Ізбағамбетов.

Сонымен қатар, ол күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, әрбір науқасты емдеу барлық ереже бойынша жүргізілгенін тілге тиек етті.

«Егер онкологиялық науқас коронавирус жұқтырса, онда алдымен осы дертке емдеу жүргізіледі. Науқас емделіп шыққан соң онкологиялық орталықта ем алады», - деп атап өтті онкологиялық орталықтың директоры.

Сондай-ақ онколог дәрігерлер пациенттерге үйде көмек көрсететінін, биыл мобильді бригада 3 436 шұғыл шақыртуға шыққанын айтты.

«Бүгінде еліміздің басқа өңірлерінен келген 560 онкологиялық науқас Алматыда тіркелген, бұл өткен жылдан екі есе көп. Демек, әрбір бесінші пациент қараусыз қалған», - дейді ол.

Ауруды асқындырып алмау үшін онколог тұрғындарға емханаларда тегін скринингтен өтуге, жыл сайын флюорография кабинетіне және қарайтын бөлмеге баруға, денсаулығын бақылауға алуға шақырды.


Up