Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда бір күнде 3 мыңнан астам адам вакцина салдырды

27 October 2021 10:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3737 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«26 қазан күні 3737 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін - 1448, II компонентін – 2289 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 26 қазан аралығында қалада 989 921 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 931 567 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 120 268 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 137 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Up