Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда азаматтық қоғамды дамыту мәселелері қаралды

29 September 2021 04:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров онлайн форматта қалалық Қоғамдық даму басқармасының алқа жиынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын барысында осы жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы және Мемлекет басшысының «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауында берілген тапсырмасын орындау жайы қаралды.

Қоғамдық даму басқармасының басшысы Диас Есдәулетов азаматтық қоғамды дамыту, мемлекеттік жастар мен ақпараттық саясат, ұлтаралық қатынастар, сондай-ақ жалпы қалалықтардың әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Жалпы алғанда, мегаполисте 4 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген, бұл - республикадағы жалпы осындай ұйымдардың 20 пайызы.

Биыл 20-дан астам бірлескен жобаны іске асыру бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Қаладағы ҮЕҰ қызметін институционаландыру және қолдау мақсатында «Civil center Almaty» бар, оның негізінде семинарлар, тренингтер, консультациялар ұйымдастырылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында төрт жыл ішінде қалада 4,5 млн астам адамды қамтитын 400-ден аса жоба жүзеге асырылды.

Биыл 280-ге жуық іс-шара өткізілді, оның ішінде «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» төрт кезеңінің жеңімпаздарының қатысуымен «Almaty RUH Talks» диалогтық алаңы бар.

Мемлекеттік жастар саясаты бағытында 2025 жылға дейінгі Өңірлік жоспар жүзеге асырылуда. Қалада 14 пен 35 жас аралығындағы 692 мыңнан астам жастар тұрады.

Қалаға өңірлерден жыл сайын 35 мыңнан астам жас келеді. Барлық аудандарда «Алматы жастары» жастар ресурстық орталықтары мен сенім кеңселері жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және психологиялық кеңес беруді қоса алғанда, басқа да мәселелерді шешу үшін қолдау шараларын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, мобильді топтар кептеліс орындарында жұмыс жасайды.Сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жастар мен жасөспірімдерге арналған 100 демалыс орталығы бар, қосымша 50 орталық ашу жоспарлануда. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 13 мыңнан астам жас қала тұрғыны жұмыспен қамтылды.

«Бірінші жұмыс орны» жобасы іске қосылды, 180-ге жуық адам жұмысқа орналасты.

Волонтерлік қозғалыстың дамуына қолдау көрсетіледі: қалада 28 ірі волонтерлік ұйым жұмыс істейді, 50 мыңнан астам еріктілер бар.

Жалпы алғанда, NEET санатындағы жастардың үлесі өткен жылмен салыстырғанда 0,4% төмендеді, жалпы алғанда, республика бойынша көрсеткіштер 0,7% төмен.

Этносаралық қатынастар саласында Қазақстан халқы Ассамблеясының қалалық филиалымен бірге кешенді жұмыстар жалғасуда.

Алматыда 19 республикалық және 36 қалалық этномәдени бірлестік жұмыс істейді.

8 айда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны мен «Елбасы жылуы» акциясын қоса алғанда, 80-нен астам қайырымдылық акциясы өткізілді.

5130 отбасына және 1000-нан астам мұқтаж азаматқа 73 млн теңгеден астам соманың көмегі көрсетілді.

Этномәдени бірлестіктерді институционалды қолдау үшін қалалық Достық үйін ашу мәселесі пысықталуда.

Алматыға шет мемлекеттерден келген қандастардың әл-ауқатын жақсарту бойынша жеке жұмыстар жүргізілуде, бұл – «Отан оттан да ыстық» жобасының мақсаты.

Отырыстың қорытындысы бойынша қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров басым міндеттерді айқындап, проблемалық мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, ҮЕҰ-мен, әсіресе білім мен денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимылды күшейту тапсырылды.

Қоғамдық даму басқармасы Жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қорымен бірлесіп, 2022 жылға арналған жастар саясатын іске асырудың тиімділігін одан әрі жақсартудың жаңа тәсілдерін әзірлеуі керек, бұл ретте жастар мен волонтерлік ұйымдардың белсенді қатысуына баса назар аударылады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары саясатын жетілдіру, жұмыстың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету, ақпаратқа қолжетімділікті арттыру, әкімдік қоғамдық тұрақтылықты одан әрі нығайтуға, қаламен өзара әрекеттестіктің қолданыстағы механизмдері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту бар.


Up