Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда алдағы үш жылда қандай медициналық нысандар салынады

25 June 2021 15:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда отбасылық абулаториялар саны артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысы Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде медицинаны дамыту бағытында жоспарланған жобаларды атады.

«Биыл Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығы мен Жедел әлеуметтік көмек көрсету бекетіне арналған операциялық блогы бар қабылдау бөлімінің жаңа ғимаратын салу жоспарлануда. 2023 жылға дейін Құлжа трактіндегі ауруханалық кластерде ЖИТС (СПИД) орталығы бар онкологиялық орталық пен паллиативтік көмек көрсету орталығын салу көзделген», - деді шаһар басшысы.

Сондай-ақ, ол шағын отбасылық амбулаториялардың саны артатынын жеткізді.

«Биыл «қадамдық қолжетімділік» тұжырымдамасы аясында әрқайсысы 200 орынға арналған төрт отбасылық және дәрігерлік амбулатория салу қолға алынды. Сонда 2024 жылға дейін 9 медициналық нысан салынады. Алматы қаласының медициналық ұйымдарында кадр тапшылығын жою жобасы бекітілді. Өте тапшы дәрігерлік мамандықтар бойынша резидентурада дәріс алу үшін 120 грант бөлінеді. Біліктілікті арттыру шеңберінде 5 айда 1 253 дәрігер мен медбике, сондай-ақ егу пунктерінде жұмыс істеу үшін мыңға жуық ерікті оқытылды», - деді Бақытжан Сағынтаев.


Up