Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда 900 мыңнан астам адам вакцинаның екі компонентін салдырды

28 October 2021 14:44

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3578 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 қазан күні 3578 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1 429, II компонентін – 2 149 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 27 қазан аралығында қалада 991 441 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 933 684 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 120 440 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан. Қалада 137 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Up