Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда 100-ден астам қоғамдық көлікте бетперде режимінің сақталуы тексерілді

28 July 2021 22:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жарты күн ішінде 100-ден астам автобус пен троллейбуста бетперде режимінің сақталуы тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру аяқталғанға дейін тегін вакцина арқылы карантин шектеуінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Инфекия жұқтыруы ықтимал орындарының арасында (сауда нысандары, базар) қоғамдық көлікте қатынау 16%-ды көрсетті. Осы сегментте арнайы мониторинг топтарының жұмысы күшейтілді.

Бүгін қаланың барлық аудандарында сағат 7.00-ден бастап Алматы қаласының мониторинг топтарының өкілдері қоғамдық көлік пен автобус аялдамаларын тексерді. Тексерушілер жолаушыларды және автобус пен троллейбус жүргізушілерін бетперде тағып жүргенін қадағалайды, қала тұрғындарына түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Тексерушілердің айтуынша, Алматы аумағы арқылы жүретін 100-ден астам автобусқа мониторинг жүргізілді. Мониторинг топтары кемшілік анықталған автобус маршруттарын атады. Олардың ішінде: 1, 98, 32, 123, 79 11, 9, 45, 22, 135, 105, 201, 7, 126, 60, 114, 25, 5, 5Б, 29, 65, 37, 205, 224, 20, 148, 38, 62, 210 бағдарлар бар.

«Қалада коронавирус жұқтырғандар саны өсті. Үйде және қоғамдық көлікте жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан карантин кезінде жолаушылар бетперда режимін сақтауы керек», – деп түсіндірді тексерушілер.

Түске дейін 14 адамға тұлғаға қатысты Әкімшілік кодекстің 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Олар бетперде режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Алматыда COVID-19 жағдайы күрделі күйінде қалып отыр. Эпидемиологтар мәліметі бойынша кеше мегаполисте 1369 КВИ жұқтыру жағдайы тіркелген. Бетперде тағу басқаларға ауру жұқтыру қаупінен қорғайды әрі инфекцияның таралуын азайтады. Сондай-ақ еске салсақ, коронавирус инфекциясымен күресудің жалғыз әдісі вакцина алу, ол қаладағы 212 екпе пунктінде тегін жүргізіледі.


Up