Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы тұрғыны бұрынғы әйелін көлікпен басып кетті

18 June 2021 10:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ер адам бұрынғы әйелін көлікпен басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 17 маусым күні кешке болған. Жедел-жәрдем мен полицияны Жетісу ауданының тұрғындары шақырды.

Қалалық полиция департаменті мәліметінше, бұрынғы күйеуіне жас келіншек өзі келген.

«Ол күйеуінен көлікті тұраққа дейін айдап баруды өтінген. Ер адам рульге отырған кезде, әйел қозғалып бара жатқан көлікке отырмақшы болған. Сол кезде оны көлік басып кеткен. Сонымен қатар, ер адамның мас болғаны және жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды», - деп хабарлады полициядан.

Полиция аталған дерек бойынша тексеруді бастады.


Up