Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы тұрғындары қала әкіміне дербес жобаларын таныстырды

26 October 2021 21:47

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн-форматта қала тұрғындарына қабылдау өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азаматтардың көтерген мәселелері және ұсыныстары жұмысқа орналасу, медициналық көмек көрсетуге қатысты болды.

Алматы жасанды интеллект зертханасының негізін қалаушы Досжан Жүсіпов Сerebra инсультін автоматтандырылған диагностикалауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді ілгерілету туралы айтып берді. Жоба медициналық мекемелерде пилоттық режимде іске асырылуда, сондай-ақ венчурлік инвесторлардың қолдауына ие болды.

Зәкіржан Мәмет-Әлиевтің дербестендірілген және превентивті медицина орталығын құру туралы ұсынысы халыққа жоғары білікті оңалту қызметтерін ұсыну мақсатында зерделенетін болады.

Кәсіпкер Әсет Бегалиев жасыл желектерді қорғау және күту қызметтерін ұсынды. Бәсекелестік ортаны құру және осындай жұмыстардың сапасын арттыру мақсатында жобаларды іске асыру мүмкіндігі қаралатын болады.

Сондай-ақ, Алатау ауданы Ұлжан ықшам ауданы тұрғындарының өтініші бойынша «Бюджетке қатысу» жобасы аясында спорт залын салу жоспарланып отыр.


Up