Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы облысының антикор қызметі 2 адамға іздеу жариялап, фотоларын таратты

24 January 2022 14:11

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті екі адамға іздеу салып, фотосуреттерін жариялады. Олар қолға түскенде бірден қамауға алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іздестіріліп жатқандар жайлы ақпарат пен суретттері аталған департаменттің Instagram-дағы ресми парақшасына жарияланды.

33 жастағы Кудрат Розахунов Алматы қаласының тұрғыны. Ол қолға түскен сәтте қамауға алынады.

Іздеу жарияланған екінші адам – Жангазы Байбеков. 54 жастағы азамат Алматы облысы Ескелді ауданының тұрғыны. Ерекше белгілері, ернінің жоғары тұсында тыртық бар. Оны да сот санкциясымен бірден қамау бұйырылған.

Алайда, күдіктілерге нақты қандай айып тағылып отырғаны айтылмаған.

Департамент мәліметіне сәйкес, ақпарат бергендер жайлы мәлімет құпия түрінде қалады және оларға сыйақы қарастырылған.

«Егер осы суретте көрсетілген адамдарды танығандар болса, бірден Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне хабар беруді сұраймыз. Біздің мекенжайымыз Талдықорған қаласы, Кабанбай батыра көшесі 36/42, телефон: 8 (7282) 24-70-13, 24-76-23 (кезекші бөлім үзіліссіз істейді), 8 775 212 19 91», - делінген ведомствоның хабарламасында.


Up