Weather
Astana 2 °С
Almaty 18 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында бақшасында марихуана өсірген 55 жастағы тұрғын ұсталды

21 September 2020 21:48

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірудің тағы бір дерегі Талғар ауданында тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер құрамында есірткі бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірген күдіктіні анықтады.

«Есірткі» жедел алдын алу шарасы барысында жедел қызметтер бақшасында қарасора өсірумен айналысқан Талғар ауданы Рысқұлов кентінің 55 жастағы тұрғынын ұстады.

Сарапшылар өсірілген есірткінің марихуана екенін айтты.

Күдіктіден құрамында есірткі бар жалпы 35 түп өсімдік тәркіленді.

Мойындағысы келмесе де, ресми рәсімдерден кейін ұсталған азамат қарасораны өзі тауып, оны жеке учаскесіне мұқият күтіп-баптап отырғызғанын жеткізді.

Сонымен қатар, ол тыйым салынған шөпті өзі үшін отырғызғанын, ұзақ уақыттан бері оны қолданып келе жатқанын айтқан.

Барлық дәлелдер мен фактілер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігіне сәйкес тексеріледі.



Up