Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында 4 мұғалімнен коронавирус табылды

17 September 2021 10:28

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Соңғы тәулікте Алматы облысында 252 адамнан коронавирус анықталды. Індет жұқтырғандардың төртеуі - мұғалім, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы тәулікте КВИ індетінің 252 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны – 0,5%, оның ішінде 234 - симптомдық және 18 - симптомсыз жағдай.

КВИ анықталған 252 жағдайдың 45-і 14 жасқа дейінгі балалар, студенттер арасында 7 жағдай және мұғалімдер арасында 4 жағдай анықталған.

Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл – 10,8%, Еңбекшіқазақ – 0,7%, Қарасай – 0,7%, Райымбек – 1,0%, Сарқан – 0,9%, Ұйғыр – 0,7% аудандарында және Талдықорған қаласында – 0,7% байқалды.

«Облыстағы аудандардың ішінде коронавирус Балқаш ауданында үш адамнан, Еңбекшіқазақ-29, Ескелді–7, жамбыл–6, Іле-18, Қарасай-25, Қаратал-11, Кербұлақ-8, Көксу-5, Райымбек-2, Панфилов–11, Сарқан-9, Талғар–18, Ұйғыр–6, Талдықорған–82, Текелі-9, Қапшағай қаласы-3 анықталды»,- делінген Алматы облыстық санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жалпы Алматы облысында КВИ зертханалық расталған 48 070 жағдай тіркелген. Оның ішінде 34 723 симптом белгілері бар.

Облыс бойынша коронавирустың өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,7%-дан 0,6% дейін төмендеді.


Up