Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлеуметтік кодекс қалай әзірленіп жатыр

10 June 2021 18:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Қазақстанның әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жақсартуға бағытталған Әлеуметтік кодекстің қалай әзірленіп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік кодексте өмірдің түрлі кезеңдерінде түрлі жағдайға байланысты көрсетілетін әлеуметтік қорғау және қолдау шараларының тұтас кешені жүйелендіріледі. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп жатыр. Кодексте әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін сапалы жақсартуға бағытталған негізгі тәсілдер қалыптастырылды. Оның біріншісі – әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету шараларын күшейту, екіншісі – азаматтарды әлеуметтік қолдауды жаңғырту», - деді министр халыққа есеп беру кездесуінде.

Үшіншісі – әлеуметтік стандарттарды ұсынудың интеграцияланған моделін енгізу, төртіншісі – мемлекеттік қызметтерді трансформациялау және олардың реинжинирингі және бесінші тәсілде – әлеуметтік институттарды реформалау көзделеді.

«Әлеуметтік кодексті қабылдау келешекте азаматтардың өз әлеуметтік құқықтары мен міндеттері туралы бірыңғай білім көзін құруға, әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын қабылдауға және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға мүмкіндік береді», – дейді Серік Шәпкенов.


Up