Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алексей Цой қазақстандықтарды тұмауға қарсы екпе алуға шақырды

27 September 2021 19:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды тұмауға қарсы вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күз келіп күн суыта бастағанда иммунитеттің төмендей бастайтынын білеміз. Бұл - қалыпты жағдай. Осы кезеңде салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдану және көкөніс пен жеміс-жидекті көбірек жеу өте маңызды. Сонымен қатар иммунитетті қорғау мен суықтан сақтаудың тағы бір жолы - уақытылы екпе алу. Қазір елімізде тұмауға қарсы жаппай вакцинация жүріп жатыр. Әсіресе тұмауға қарсы екпе алуды осал топқа жататын азаматтар арасында кеңінен жүргізу маңызды болып отыр. Осы орайда еліміздің барлық азаматтарын тұмауға қарсы вакцина алуға шақырамын», - деді А. Цой Үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін министр елімізде вакцина алу процесі қарқынды жүріп, эпиджағдайдың жақсарып келе жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, ведомство басшысы Қазақстанда коронавирус індетімен күресте қайта вакциналау мәселесі қаралып жатқанын айтты.

Оның айтуынша, реквакцинация мәселесін қарау үшін құрамында ғалымдар мен сала мамандары бар арнайы жұмыс тобы құрылған.


Up