Weather
Astana -6 °С
Almaty -8 °С
Exchange rates
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Ақтөбеде жол апатынан қырғызстандық көз жұмды

19 November 2019 19:46

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жол апатынан 21 жастағы Қырғызстан азаматшасы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілерге көліктің қысқы дөңгелегін салу керектігін ескертті. Өңірде ауа райы күрт нашарлап, көктайғақ болып тұр. 18 қарашадан бері республикалық тасжолдарда 10 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 7 адам зардап шекті.

«Самара-Шымкент» тасжолының Бөгетсай ауылы маңында жол-көлік апатынан 21 жастағы Қырғызстан азаматшасы оқиға орнында көз жұмды. «Ларгус» көлігінің жүргізушісі Қырғызстаннан Ресейге бағыт алған. Рөлге ие бола алмай, көлік аударылып қалды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Up