Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде жемқорлықпен күресіп жүрген қызметкер пара алғаны үшін сотталды

14 May 2021 11:55

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сыбайлас жемқорлықпен күресіп жүрген қызметкерге үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» және «Пара алу» баптарымен іс қаралды. Іс материалына сүйенсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің аға офицері 2019 жылы серіктестік иесін пара беруге көндіріп, оның 60 миллион теңгесін иемденді. Ол бұл ақшаны алып, салық мен оның өсімпұлын төмендетуге келіскен. Сотталушы М-ның кінәсі жәбірленуші, куәгер және тергеу хаттамасы, сот сараптамасы мен жедел-тергеу жұмысы кезінде дәлелденді.

Сот М-ны 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесінде өтейді. Өмір бойы мемлекеттік органда жұмыс істей алмайды. Қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленді», - деп хабарлады облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынының баспасөз қызметі.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.


Up