Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде құс қырылып жатыр: Ветеринарлар жағдайды түсіндірді

29 November 2021 18:21

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Шәмші Қалдаяқов ауылында тауық қырылды. Ветеринарлар сынама алып, оны Нұр-Сұлтан қаласына жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Шәмші Қалдаяқов ауылында тұрғындардың қорасындағы тауық қырыла бастады.

Оқиға 16-20 қараша аралығында болған.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Кеңес Қанадбаевтың айтуынша, мамандарға мәлімет кеш түскен.

«Барлығы 200-ден астам тауық қырылып қалды. Осы оқиғадан соң сынамалар алынып, Нұр-Сұлтан қаласына жіберілді. Қазіргі кезде шешімін күтіп отырмыз. Нақты диагнозы белгілі болған соң шектеу шарасын қолдану туралы шешім шығарылады. Болжам бойынша, тауық арасында кездесетін Ньюкасла ауруы. Ел-жұрттың арасында «құс тұмауы» деген сөз бар. Бірақ ол шындыққа жанаспайды. Біріншіден, күзде құс тұмауына қарсы екпе жүргізілді. Екіншіден қаз-үйрекке жұқпаған», - деді ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Кеңес Қанадбаев.


Up